USD 522.49
EUR 547.88
RUB 5.06
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

ДДҰ коронавируспен күресуде үміт үзбеуге шақырды

  • 11.августа.2020, 14:00,
  • 430

Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 20 миллионнан асты, ал аурудан көз жұмғандар саны 750 мыңға жуықтады. Алайда біз COVID-19 пандемиясымен күресте үміт үзбеуіміз керек. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости.

"Көптеген адам қайтыс болғандарды аза тұтып жатыр. Бұл әлем үшін қиын кезең. Бірақ мен ашығын айтайын: елдің, өңірдің, қаланың және ауылдың қайда орналасқанына қарамастан үміт бар. COVID-19-ды жою ешқашан кеш емес", - дейді ол.

Гебрейесус Жаңа Зеландия, Руанда және Кариб теңізі және Тынық мұхитындағы мемлекеттерден үлгі алуға шақырды. Бұл елдер коронавирустың өршуіне жол бермеген.

"Жаңа Зеландия әлемде коронавируспен қалай күресу керегін көрсетті", - деді ол.

ДДҰ бас директоры әлем лидерлерін коронавируспен күреске шақырып, тұрғындарға қарапайым сақтық ережелерін ұстанып жүруге кеңес берді.

"Мен вирусты жоюға шақырамын", - деп түйіндеді сөзін ол.


#коронавирус #ддұ #пандемия #эпидемия 

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
08.08.2020
30.07.2020
16.07.2020
14.07.2020
09.06.2020
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Желтоқсан 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031