Сейсенбідегі АҚШ-тағы жалпығы бірдей сайлауда президент пен вице-президент, 35 сенатор, палатаның 435 мүшесі, 13 штат пен аумақтық әкімдер және жергілікті үкімет мүшелері сайланды. Жеңіске жету үшін үміткерге сайлауға қатысушы 538 қазылар алқасының 270 дауысына ие болу қажет, қазылар алқасындағы сайлаушылар саны АҚШ Конгресі Сенаты (100) және Конгрестегі Халық өкілдері палатасы (435) мүшелерінің жалпы санына тең, одан бөлек оған Колумбия округінен үш мүше кіреді.
CNN-нің алдын-ала бағалауы бойынша, осы уақыт аралығында Байден - 215, ал Трамп 171 дауысқа ие болған.
Демократиялық партиядан президенттікке үміткер Джозеф Байден, АР агентігінің мәліметінше, жалпы саны 61 957 940 (49,8%) дауыс алған, ал оның қарсыласы республикашыл Дональд Трамп - 60 461 523 дауысқа (48,6%) ие.
Либертариан партиясынан үміткер Джо Йоргенсен 1 401 791 дауыс (1,1%), "Жасылдар" партиясынан кандидат Хауи Хокинс 280 758 дауыс (0,2%) және басқа кандидаттар барлығы 312 663 дауыс (0, 3%) алған.
#ақш #сайлау #трамп #байден #дауысберу