USD 518.66
EUR 597.44
RUB 6.56
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Мирзиёев 80% дауыс жинап, қайта Өзбекстан президенті болып сайланды

  • 26.қазан.2021, 11:19,
  • 404

Өзбекстанда жексенбі күні өткен президент сайлауында қазіргі мемлекет басшысы Шавкат Мирзиёев жеңіске жетті.

Орталық сайлау комиссиясы мәлімдегендей, президент сайлаушылардың 80,1% дауысын алған.


Ресми мәліметке сәйкес, "Халықтық демократиялық партиядан" Максуда Варисова 6,6%, "Ұлттық жаңғыру партиясының" лидері Алишер Кодиров 5,5%, "Экологиялық партиядан" Назрулло Обломурадов 4,1%, "Әділет" партиясынан Бахрам Абдухалимов 3,4% алған.


Өзбекстандағы президент сайлауына сайлаушылардың 80 пайыздан астамы келіп, дауыс берген.


Өзбекстан билігі оппозиялық үш партияның тіркелуіне, президент сайлауына кандидатын ұсынуына рұқсат бермеді.


Өзбекстан 1991 жылы тәуелсіздік алғалы алтыншы рет президент сайлауын өткізіп отыр.


Мирзиёев президенттік алғашқы мерзімі аяқталуға жақындағанда Өзбекстанды 27 жыл үздіксіз басқарып, 2016 жылы қайтыс болған Ислам Каримовтың авторитарлық әдеттеріне оралып жатыр деген пікірлерді жоққа шығаруға тырысқан.


Орталық сайлау комиссиясының жексенбі, кешкі сағат 20-дағы мәліметіне қарағанда президент сайлауына 16 миллионнан астам адам дауыс берген. Сайлаушылар тізімінде барлығы 20 миллионға жуық адам бар.

скачать dle 12.0
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қараша 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930