USD 477.25
EUR 500.25
RUB 4.81
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Бразилияның сенат депутаттары президентке тағылған айыппен келіседі

  • 27.қазан.2021, 14:44,
  • 245

Бразилия Сенатының комиссиясы Үкіметтің COVID-19 пандемиясына қарсы күрестегі жұмыстарын зерттеп, ел президенті Жаир Болсонаруға айып тақты. Сенаторлардың көпшілігі бұл айыппен келісіп отыр.

11 сенатордың жетеуі Болсонаруға қарсы дауыс берді.


Болсонаруға тағылған айыптар: эпидемия кезінде санитарлық талаптарды бұзу, өлімге әкелген жағдайлар, қылмысқа арандату, құжаттарды бұрмалау, мемлекеттік қаржыны тиімсіз пайдалану, адамзатқа қарсы қылмыс және әлеуметтік құқықтарды таптау. Оған қоса, айыпталушылар тізімінде оның үш баласы, қазіргі және бұрынғы министрлер, федералды депутаттар мен кәсіпкерлер бар.


Дауыс беруден кейін сенаторлар коронавирустан қайтыс болған 606 мың адамды еске алып, бір минут үнсіздік жариялады.


Сенат комиссиясы мақұлдаған айыптаулардан кейін Болсонару және оның маңайындағы шенеуніктерге қатысты іс бас прокуратура мен Гаагадағы Халықаралық қылмыстық сотқа жіберіледі.

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
15.02.2021
14.01.2021
06.11.2020
08.10.2020
19.12.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қазан 2023    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031