USD 541.63
EUR 632.24
RUB 6.61
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Трамп импичментте ақталып шықты: Байден пікірі

  • 15.ақпан.2021, 10:37,
  • 372

АҚШ президенті Джо Байден Дональд Трамптың импичментте ақталуына қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Ақ үйдің сайтында жазылған. 

АҚШ-тың жаңа басшысы экс-президент Дональд Трамп импичмент ісінде ақталғанымен, оның бүлікке итермелеудегі кінәсі күмән келтірмейтінін мәлімдеді.

"Соңғы дауыс беру нәтижесі айыптауға жеткізбесе де, оның мәні өзгеріссіз қалады. Үкім шығаруға қарсы шыққандар да, мысалы сенаттың азшылық лидері Макконнелл Дональд Трампты "ұят қылығы" үшін кінәлі деп санайды", - деді Байден Трамптың импичментіне дауыс берген 57 сенатордың жетеуі республикашыл партиядан екенін еске салып.

Сонымен қатар, АҚШ президенті Капитолийге жасалған шабуылды Америка тарихындағы қайғылы оқиға деп атады, бұл демократияның нәзік екенін және оны қорғау керегін еске түсіретінін мәлімдеді. Ол "Америкада зорлық-зомбылық пен экстремизмге жол жоғын" есте сақтауға шақырды.

Ал Трамп сәтсіз импичмент процесін "жалмауыз кемпірлерге аңшылық" деп атады, ол "Америка ұлылығын арттырудағы жолын жалғастыруға" уәде берді.

Еске салайық, 13 ақпанда импичмент жақтаушылары республикашыл сенаторларды бұрынғы президент 6 қаңтарда Конгресте болған бүлікке кінәлі деп сендіре алмады. Трампқа үкім шығаруға 57 сенатор, оның ішінде жеті республикашыл дауыс берді және 43 заңшығарушы қарсы шықты. Айыптау үкімін бекіту үшін сенаторлардың кемінде үштен екісі, яғни 60 адам дауыс беруі керек еді. Осылайша Трамп ақталып шықты.



#трамп #импичмент #байден #сайлау #президент 

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
14.02.2021
14.01.2021
07.11.2020
04.11.2020
19.12.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қазан 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031