USD 509.94
EUR 593.88
RUB 6.43
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Қырғызстанда президентке қатысты импичмент басталды

  • 08.қазан.2020, 17:41,
  • 527

Қырғызстанда депутаттар президентке қатысты импичмент процесін бастады.

Қырғызстан парламентінің депутаттары ел президенті Сооронбай Жээнбековке импичмент процесін бастады. Бұл туралы "Ата-Мекен" оппозициялық партия депутаты Каныбек Иманалиев РИА Новости басылымына айтқан.

"Депутаттардың бір бөлігі импичментті қолдап, қол қойды. Өте қиын процедура, бірақ ол басталды деуге болады", - деді Каныбек Иманалиев.

Заң бойынша президентке қарсы айыптауға шешім шығару үшін депутаттардың көп бөлігі (жалпы санының үштен бірінен кем емес) дауыс беру керек. Сондай-ақ парламент құрған арнайы комиссияның шешімі керек. Импичментке шығарғаннан кейін үш айдан аспай тұрып, шешім қабылдануы тиіс. Егер үлгермесе, айып кейін қайтарылған болып есептеледі.

Сооронбай Жээнбековке қарсы басталған импичмент талқыланып жатқанын "Ата-Мекен" партиясынан депутат Эльвира Сурабалдиева да мәлімдеді.



#қырғызстан #импичмент #депутат #президент #жээнбеков

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
08.10.2020
07.10.2020
06.10.2020
16.06.2020
19.12.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қантар 2026    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031