USD 540.87
EUR 632.01
RUB 6.76
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Футзалдан Әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы финалға өтпей қалды

  • 01.қазан.2021, 10:24,
  • 197

Футзалдан Қазақстан құрамасы Португалиядан ұтылып, Литвада өтіп жатқан әлем чемпионатының финалына шыға алмады.

Жартылай финалдық кездесу Каунаста өтті және ойынның негізгі уақыты 1:1 есебімен аяқталды. Қосымша уақытта командалар тағы бір-бір голдан соқты.


Португалия сапында Анилтон Сезар Пани (23) мен Бруно Коэльо (49) гол соқты. Қазақстан құрамында Дәурен Нұрғожин (40) мен Дуглас (42) дәл соққыларымен ерекшеленді.


Пенальти сериясында сәттілік португалиялықтардың жағында болды (4:3). Дуглас пен Арнольд Кнауб өзінің мүмкіндіктерін пайдалана алмады.

Осылайша, Португалия финалда Аргентинамен ойнайды, ал Қазақстан үшінші орын үшін матчта Бразилиямен кездеседі. Бұл ойындар 3 қазанда өтеді.


скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
28.09.2021
28.09.2021
27.09.2021
03.07.2021
29.04.2021
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Тамыз 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031