USD 503.89
EUR 587.54
RUB 6.48
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Қазақстан футзалдан құрамасы Әлем чемпионатының жартылай финалына шықты

  • 28.қыркүйек.2021, 09:47,
  • 241

Қазақстан құрамасы Литвада өтіп жатқан футзалдан әлем чемпионатының жартылай финалына шықты.

Ширек финалда Рикардо Кака шәкірттері Иранмен ойнап, 3:2 есебімен жеңіске жетті.


Бірінші таймның қорытындысы бойынша Қазақстан 0:2 есебімен ұтылып жатты. Команда 8 және 15-ші минуттарда гол жіберіп алды. Мослем Оладгобад пен Ахмад Эсмаэльпур ерекшеленді.

,

Бірақ кездесудің 25-минутында Иран қақпашысы Алиреза Самими Дәурен Тұрсағұловтың соққысынан кейін өз қақпасына гол соғып алды. Ал 29-минутта қазақстандық шабуылшы Арнольд Кнауб есепті теңестірді. 39-минутта Тайнан жеңіс голын соқты.


Әлем чемпионатының жартылай финалында Қазақстан Португалиямен ойнайды, матч 30 қыркүйек күні өтеді. Екінші жартылай финалдық кездесуде Бразилия мен Аргентина күш сынасады.


"Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы алғаш рет әлем чемпионатының жартылай финалына шығып, керемет сенсация жасады. Құтты болсын! Алдағы ойындарына да сәттілік тілеймін", деген жазба пайда болды ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстанда бұғатталуы әбден мүмкін Twitter-дегі парақшасында.


скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
27.09.2021
03.08.2021
28.07.2021
03.07.2021
29.04.2021
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Желтоқсан 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031