USD 516.01
EUR 582.47
RUB 6.26
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Пермь: Үйді тінту кезінде хат табылды

  • 21.қыркүйек.2021, 16:47,
  • 163

Үйді тінту кезінде табылған хатта Пермьде қарумен сойқан салған бозбала мысығының болашағына алаңдаушылық білдіріпті.

Жараланып, ұсталған Тимур Бекмансұровтың үйіне тінту жүргізілді.


Тінту кезінде қару сақталған сейф пен хат табылды.


Сейфтің кілті тек бозбаланың өзінде болған. Әрине, аңшы мылтығын сатып алуға І-курс студентінің өз ақшасы жетпесі анық, оған әкесі "көмектесіпті". Ал қару сатқан дүкен сатушысы ештеңеден күдіктенбеген. Ол қазір аң аулау науқаны екенін, көп оқ-дәріні аң аулауға баратын бір топ адамға осылай сатып алына беретінін айтыпты. Тимурдың әке-шешесі ажырасып кеткен. Бозбала анасымен бірге тұрады.

Құқық қорғау органдары қолмен жазылған хатты да тапты. Онда бозбала мысығының болашағына алаңдаушылық білдіріпті.


"Егер анама алда-жалда бірдеңе бола қалса, онда менің мысығымды туыстарыма беріңіздер. Енді мысықтың бұл арада ешқандай жазығы жоқ", - делінген хатта.


20 қыркүйекте Пермь мемлекеттік университетінде І-курс студенті айналысына оқ жаудырып, алты адамды өлтірді. 28 зардап шегіп, медициналық көмекке жүгінді, олардың кейбіреулері түрлі дәрежедегі жарақатпен ауруханаға жатқызылды.

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
21.09.2021
20.09.2021
14.06.2021
15.10.2020
21.11.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Мамыр 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031