USD 443.85
EUR 474.3
RUB 4.8
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Пермь университетіндегі қырғын

  • 20.қыркүйек.2021, 16:03,
  • 120

Пермь мемлекеттік университетінде атысты ұйымдастырды деп болжанған 18 жастағы Тимур Бекмансұровтың желіде жазбасы жарияланды.

"Мен бұл туралы көп ойланып жүрдім, жылдар сырғып өтіп жатты, ақыры армандаған нәрсемді жүзеге асыратын уақыт келгенін түсіндім", - деп жазды ол ВКонтактіде.


Алдымен ол өзі оқыған мектебіне шабуыл жасағысы келген, бірақ наурыздың аяғында бұл ойынан айнып қалыпты. Ол "өмірінің соңғы 10 минутын өткізетіндей мектеп тым жағымсыз, қарабайыр орын" деп жазады.

Предполагаемый стрелок оставил письмо за несколько минут до нападения |  74.ru - новости Челябинска

"Бұл - лаңкестік шабуыл емес (заң тұрғысынан алғанда). Мен экстремистік ұйымдардың мүшесі де емеспін, дінге де, саясатқа да бас сұқпағанмын. Менің қылғанымнан ешкімнің хабары болған жоқ, барлығын өзім жоспарлап, жасадым. Ең бірінші уақытты белгіледім, 20 қыркүйекте әрекет жасайтын болдым. Әзірге университет ғимараттары арасындағы өту жолдарын зерттеп жатырмын, бақытыма орай, университет аумағының егжей-тегжейлі қолжетімді сызбасы маған қатты көмек болды. Университеттің масштабы бір шабуылшыға арналмаған, сондықтан егер дереу эвакуациялау басталса және ғимараттарда адам қалдырылмаса, онда көбісінің аман қалу мүмкіндігі бар. Ертең кірісемін, бір қызығы бойымда ешқандай қобалжу жоқ, ертең әдеттегі күн сияқты, сол бір қарбалас, тоқтаусыз дүние, әдеттегідей... Мен өзімді жек көремін, бірақ менің жолыма тұрғандардың барлығын да аямай, жазалағым келеді", делінеді жазбада.

Открывшего стрельбу в университете в Перми задержали :: Общество :: РБК

Қазір бұл жазба жойылған.

Пермский стрелок: правда ли, что он родом из Удмуртии?

20 қыркүйекте Пермь мемлекеттік ұлттық зерттеу университеті ғимараттарының бірінің аумағында студент айналасындағыларға оқ жаудырды. Салдарынан сегіз адам қаза тауып, бірнеше адам жараланды. Қаза болғандар мен зардап шеккендер туралы нақты деректер әлі жарияланбады. Шабуыл жасаушы анықталып, ұсталды. Ұстау кезінде қарсылық танытқан ол жараланды, - деді Светлана Петренко, Ресей тергеу комитетінің ресми өкілі.


скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
07.07.2021
03.11.2020
29.10.2020
12.02.2020
27.11.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Сәуір 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930