USD 442.05
EUR 474.14
RUB 4.74
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Америкалық тікұшақтар мен зымырандар тәліптер қолдарына түсті

  • 24.августа.2021, 15:16,
  • 95

"Талибан" қозғалысы (Қазақстан мен басқа елдердің аумағында тыйым салынған ұйым) бірнеше америкалық ұшақтарды, әскери тікұшақтар мен танкке қарсы зымырандарды басып алды.

Белгілі болғандай, бұл оқиға Пентагонның алаңдаушылығын туғызды. Телеарнаның хабарлауынша, тәліптер басып алған қаруды жою туралы шешімді әлі қабылдамапты.


"Тәліптерге тікұшақтар мен ұшақтарды қолдану қиын болуы мүмкін, өйткені ұшқыштары жоқ әрі техникалық қамсыздандыру жағы да оларға қолжетімді емес", - дейді олар.


Америка Құрама Штаттары эвакуация процесінің аяқталуын күтіп отыр. Содан кейін арнайы операция жайы қарастырылады, соның ішінде әскери қоймаларға әуеден соққы беру де бар.


Америка әскерінің өңірден кетуіне байланысты көтерілісшілер шабуылға шығып, жиырма жылдық соғыстың аяқталғанын жариялап, барлық ірі қалаларды басып алды. Басқару формасы жақын арада белгілі болады.

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
16.08.2021
10.08.2021
09.07.2021
04.06.2021
16.08.2020
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Мамыр 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031