USD 444.32
EUR 473.33
RUB 4.76
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Елімізде Американың футболдан жарысын көрсететін болады

  • 04.июня.2021, 18:27,
  • 216

"Qazaqstan" және "Qazsport" телеарналары футболдан Америка Кубогының ойындарын тікелей эфирде көрсетеді. 

"Қазақстан" телерадиокорпорациясы футболдан Америка Кубогының ойындарын көрсету құқығын иеленді. Оңтүстік Америка құрамалары арасындағы турнир 13 маусым мен 11 шілде аралығында Бразилияда өтеді. Турнирдің барлық матчтарын қазақстандық жанкүйерлер "Qazaqstan" және "Qazsport" телеарналарынан тікелей эфирде көре алады.


Бастапқыда, Копа Америка-2021 Аргентина мен Колумбия алаңдарында өтуі тиіс болатын. Бірақ турнирдің басталуына екі апта қалғанда Оңтүстік Америка футбол конфедерациясы коронавирусқа байланысты жарысты Бразилияға ауыстыру туралы шешім қабылдады.


Сырттан шақыртылған екі құрама – Австралия мен Катар жарыстан бас тартқаннан кейін, Америка Кубогына 10 команда қатысатын болды. Олар екі топқа бөлінген. Ширек финалға әр топтан төрт командадан шығады.

Соңғы Копа Американың жеңімпазы - Бразилия құрамасы.

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
27.05.2021
07.11.2020
29.08.2020
01.08.2020
01.10.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Сәуір 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930