USD 524.58
EUR 551.91
RUB 4.93
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Талибан шекарадағы кезекті бекеттерді жаулап алды

  • 09.июля.2021, 15:12,
  • 268

"Талибан" радикалды тобының содырлары Иран мен Түрікменстанмен шекаралас Ислам-Қала және Торгунды қалаларын басып алды. 

Екі қала да Герат провинциясында орналасқан. Иранға баратын негізгі сауда жолы Ислам-Қала арқылы өтетіндігі атап өтілді.


Ислам-Қала кеденінің барлық лауазымды қызметкерлері және онда орналасқан көптеген қауіпсіздік күштері тәліптер аймаққа кіргеннен кейін Иранның шекарасын кесіп өтті.


Сонымен қатар Түркіменстандағы екі ірі сауда қақпасының бірі - Торгунды қаласы содырлардың бақылауына өтті (ауған-түркімен шекарасындағы екінші "Акина" бақылау-өткізу пункті 5 шілдеде жабылды, себебі тәліптер басып алды).


Соңғы аптада тәліптердің шабуылы күшейе түсті. 21 маусымда олар Тәжікстанмен өтетін негізгі шекара өткелі - "Шерхан-Бандарды" бақылауға алды. Шілденің басында тәліптер Өзбекстанмен шекарадағы Балх провинциясындағы Калдар ауданын басып алғаны хабарланды. Бұл аймақта ауған-өзбек шекарасындағы жалғыз шекара өткелі Хайратон орналасқан (айналасында ауған үкіметінің күштері "қауіпсіздік белдеуін" жасады).

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
09.07.2021
09.07.2021
29.04.2021
22.07.2020
28.05.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Желтоқсан 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031