USD 523.17
EUR 550.06
RUB 4.93
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Кабул әуежайында ауғандықтар тәліптерден қашып кетуге ыңталы

  • 16.августа.2021, 14:45,
  • 262

Жүздеген адам Кабул әуежайында ұшақтарға шабуыл жасады.

Талибан қозғалысы (Қазақстанда тыйым салынған террористік ұйым) барлық шекара бекетін бақылауға алды. Ауғанстаннан тек әуежай арқылы кетуге (қашуға) мүмкіндік бар.


Тұрақты әуе рейстерінің тоқтатылуына байланысты әуежайда аласапыран басталды. Тек әскери рейстердің ұшуы жоспарланған.

РИА Новости агенттігінің хабарлауынша, Кабул әуежайында америкалық әскерилердің оқ атуы салдарынан бірнеше адам қаза тапты. France-Presse агенттігінің хабарлауынша, бұл көптеген адамның ұшып-қону жолағына шығып кетуінің салдарынан болды.


15 тамызда "Талибан" лаңкестік қозғалысы Ауғанстанның бүкіл аумағын басып алғанын жариялады.


Бұған дейін республика президенті Ашраф Ғани отставкаға кетуге келісіп, елден кеткені белгілі болды. Мемлекет басшысы Президент әкімшілігі басшысымен және ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісімен бірге Тәжікстанға кетті деген болжам бар. Басқа ақпарат көздері Өзбекстан мен Оманның атын атайды.


Осыдан кейін тәліптер Кабулға кірді, президенттік сарайды басып алды, енді олар мемлекеттің бұрынғы атауын қайтарғалы жатыр.

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
16.08.2021
13.08.2021
09.07.2021
09.07.2021
28.05.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Желтоқсан 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031