USD 443.44
EUR 480.51
RUB 4.88
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Ресми Вашингтон "Ислам мемлекеті" лаңкестік ұйымына соққы ұйымдастырмақшы

  • 27.августа.2021, 17:07,
  • 93

Вашингтон 26 тамызда Кабулде болған жарылыстардың артында кімдер тұрғанын анықтап, оларды жауапқа тартады.

"Осы шабуылды жасағандар, сонымен бірге Америкаға қастық ойлағандар, біліп жүріңдер: біз бұны кешірмейміз. Біз бұны ұмытпаймыз. Біз іздеп тауып, жазасын береміз", — деді Байден.


АҚШ президентінің пікірінше, Кабулдегі жарылыстарды "Ислам мемлекеті" террористік ұйымы ұйымдастырған болуы мүмкін. Байден Пентагонға Ауғанстан астанасында теракт жасаған содырларға соққы жасау жоспарын дайындауды тапсырды.


"Талибан" мен ИМ содырлары осы шабуылды бірген жасаған деуге АҚШ-та әзірге дәлел жоқ. Байденнің айтуынша, тәліптерге ИМ-мен байланыс орнату тиімсіз, өйткені олар АҚШ-тың Ауғанстандағы адамдарды эвакуациялауды тезірек аяқтағанын қалайды.


Бейсенбі күні кешке Кабул әуежайында болған жарылыстардан 103 адам қаза тапты, деп хабарлады The Wall Street Journal. 150 адам жараланған.


Шабуыл жауапкершілігін "Ислам мемлекеті" террористік ұйымы мойнына алған.

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
27.08.2021
01.09.2021
16.08.2021
16.08.2021
10.08.2021
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Мамыр 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031