USD 528.52
EUR 539.14
RUB 5.17
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Талибан ұйымы өз қарсыласынАхмад Масудты өлтіреміз деп уәде берді

  • 01.қыркүйек.2021, 18:21,
  • 186

Тәжікстандағы Ауғанстан елшісі "Талибан" қозғалысы Панджшердегі қарсылық жетекшісін өлтіруге ниетті екенін айтты.

Тәжікстандағы Ауғанстан елшісі Мұхаммед Зохир Агбар "Талибан" содырлары (Қазақстанда және басқа елдерде тыйым салынған ұйым) Панджшерде әрекет ететін Қарсыласу майданының жетекшісі Ахмад Масудты өлтіруге ниетті екенін айтты. Бұл туралы ол РИА Новостиге берген сұхбатында айтты.


"Тәліптер Масудты жойып жібереді және қарсылық өкілдерімен келіссөз жүргізбейді", - деді Агбара.


Бұған дейін АҚШ президенті Джо Байден америкалық билік өкілдерінің Талибанға қарсы "қысым рычагы" бар деп мәлімдеген.


"Талибанның Ауғанстаннан американдықтармен бірге жұмыс істеген азаматтарға елден кетуге рұқсат береміз деп уәде бергені жайлы айтып тұрмын", - дейді Байден.


"Талибан" қозғалысының өкілі Забиулла Мужахид 31 тамызда қозғалыс пен Панджшер қарсыласу күштері арасындағы келіссөздерде ілгерілеу болғанын айтты.


Жергілікті тәжіктер Панджшерде ұйымдастырылған қарсылықтың тірегіне айналды. Көтерілісшілерді Ахмад Масуд басқарды. Оны Ауғанстан премьер -министрінің бұрынғы орынбасары Салех Амрулла қолдады.


Талибан қазір провинциядағы қақтығысты бейбіт жолмен шешуге келіспейді.

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
06.09.2021
19.08.2021
16.08.2021
16.08.2021
28.05.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қантар 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031