USD 519.64
EUR 609.23
RUB 6.62
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Кабулдағы лаңкестік шабуылды "ИМ" террористтік ұйым өз мойнына алды

  • 27.августа.2021, 11:45,
  • 178

"Ислам мемлекеті" террористік ұйымы бейсенбі күні Кабулда болған екі жарылысты да мойнына алды.

CNN телеканалының мәліметіне қарағанда, бірінші жарылыс әуежайға кіреберіс маңда, екіншісі әуежайға жақын жерде орналасқан Barron қонақүйі жанында болған. Бұл ақпаратты Пентагон өкілі Джон Кирби растады.


Ауғанстан денсаулық саласының шенеуніктері жарылыстан кемі 60 адам қайтыс болғанын, 140 адам жараланғанын мәлімдеді. Қаза болғандардың арасында АҚШ әскерінің 12 мүшесі бар.

Взрывы в аэропорту Кабула: что известно


Reuters агенттігі АҚШ әскеріндегі дереккөзі сілтеме жасап, жарылысты жанкешті жасағанын хабарлаған.

Хроника взрывов у аэропорта в Кабуле - Газета.Ru

Ауғанстандағы ToloNews телеарнасы жарылыс болған аймақтан ондаған адамның ауруханаға жеткізілгенін айтқан.

Многие говорят, что смертника засекли в толпе»: что известно о взрывах  возле аэропорта в Кабуле — РТ на русском

Ресми Вашингтон бұл шабуылдың артында "Ислам мемлекеті" террористік тобының Хорасан провинциясындағы өкілдері тұр деген.

Жарылыстан бірнеше сағат өткен соң "Ислам мемлекеті" Кабулдағы шабуылды өз мойнына алды.

Талибан» осудил взрыв в аэропорту Кабула :: Политика :: РБК

АҚШ әскерилері Кабулда шабуыл жиілей ме деп қауіптенеді.

Взрывы в аэропорту Кабула: десятки погибших, среди них не менее 12 военных  США

Кабул әуежайы маңындағы жарылыс АҚШ, Батыс елдерінің азаматтары мен ауғандар елден кету үшін жанталасып жатқан тұста болды. "Талибан" Ауғанстандағы билікті қайта қолға алған соң елден кетуге бел буған шетелдіктер мен ауғанстандықтар Кабул әуежайына ағылып, дүрлігу басталған.

3 афганских спортсмена погибли после взрывов в аэропорту Кабула - Eurosport

Бұған қоса, "Талибан" АҚШ пен оның одақтастарына адамдарын 31 тамызға дейін Ауғанстаннан әкетуді талап еткен.

ZERKALO.AZ Число жертв взрывов в аэропорту Кабула превысило 100 человек -

26 тамыз таңертең АҚШ пен оның одақтастары "қолда бар сенімді дәлелдеріне" сүйеніп, Кабул әуежайына террорлық шабуыл жасалу қаупі барын ескерткен. Бірақ бұл ескертуге қарамастан Кабул әуежайында көп адам болған.

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
31.12.2020
07.08.2020
29.04.2020
05.01.2020
06.08.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Шілде 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031