USD 520.39
EUR 609.58
RUB 6.63
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Панжшер тәлібтердің толықтай қолдарын өтті

  • 06.қыркүйек.2021, 16:02,
  • 194

"Талибан" қозғалысының (Қазақстанда және басқа елдерде тыйым салынған ұйым) өкілі Забиулла Муджахид Панжшер провинциясын толығымен басып алғандарын мәлімдеді.

Тәліптердің Ауғанстандағы қауіпсіздікті сақтауға бағытталған соңғы әрекеті өз нәтижесін берді. "Жалдамалы-дұшпандардың соңғы қорғаны" болған аймаққа толық бақылау орнатылды.


Мужахид көтерілісшілердің кейбірі ұрыста жеңіліске ұшырап, ал басқалары қашып кеткенін атап өтті. Сонымен бірге Талибан өкілі Панжшер тұрғындарына қысым көрсетілмейтінін айтты.


Бұған дейін тәліптер Ауғанстандағы қарсылық майданының жетекшісі Ахмад Масудтың атысты тоқтату туралы ұсынысын қабылдамаған болатын. Талибанның саяси кеңсесі өкілінің айтуынша, ол өзі келісімге келуден бас тартқан, сондықтан тәліптер Масудпен келіссөз жүргізуді доғарған.


4 қыркүйекте тәліптер Панжшерді өз бақылауына алды. Талибанның шабуылы Масудпен келіссөздер сәтсіз аяқталғаннан кейін, 2-3 қыркүйекте басталды. Сонымен қатар, Ұлттық қарсыласу күштері жауынгерлік отрядтардың провинция аумағына кіргенін, кейін шегініп, ауыр шығынға ұшырағаны хабарланды.

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
20.08.2021
16.08.2021
13.08.2021
09.07.2021
28.05.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Шілде 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031