USD 495.2
EUR 522.34
RUB 4.94
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Коронавирустың жаңа "қауіпті" түрі шықты

  • 11.августа.2021, 11:21,
  • 214

Нью-Йоркте 82% жағдайда өлім-жітімге әкеліп соғатын коронавирусының жаңа штаммы - "йота" анықталды.

РФ Денсаулық сақтау министрлігінің федеральдық округтегі штаттан тыс маманы Сергей Токаревтің айтуынша, оның өлім-жітімге әкеліп соқтыру деңгейі 82%-ды құрайды, әсіресе 45 жастан асқандар арасында.


Бұл штамм басқа мутацияларға қарағанда 25% жылдам берілетіні атап өтіледі. Сонымен қатар, "йота" - бұл патогенді штамм, яғни иммундық жауаптан жалтару қабілеті жоғары.


Иммунолог Николай Крючков атап өткендей, әзірге дәрігерлер жаңа штамм туралы білетіні аз, әзірге оның даму барысы бақылауда.


"Белгілісі, тек оның үлесі өте тез өсе бастайды. Егер жұқтыру көлемі өссе, онда басқа штаммдармен сәтті бәсекелесуге мүмкіндік беретін эволюциялық артықшылықтары бар", - деп түсіндірді Крючков.


Қазіргі уақытта коронавирус ламбда, гамма және дельта штаммдары болып белсенді түрде мутацияға түсуде.


"Жер шарының батысында, ең алдымен, Оңтүстік Америкада ламбда штаммы тамырын кеңге жаюда. Мүмкін Бразилияда - "гамма" штаммы, біздің әлемде - "дельта" штаммы өршіп жатыр. Олар бір-бірімен біте-қайнасса, одан да жаңа бір түр туындай алады", - деді ғалым.

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
06.07.2021
29.06.2021
24.05.2021
21.04.2021
17.08.2020
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қараша 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930