USD 482.33
EUR 557.57
RUB 5.74
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

ДДСҰ: Әлемде пандемия жағдайы тұрақтанды

  • 06.июля.2021, 10:55,
  • 341

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдайлар жөніндегі бағдарламасының директоры Майкл Райан әлемде коронавирус инфекциясын жұқтыру жағдайлары тұрақтанғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости порталы.

Майкл Рейннің айтуынша, соңғы екі аптадағы ауру кестесіне қараса, тұрақтылық келгенін байқауға болады.

Сондай-ақ, ол қазір COVID-19 таралуының жағдайы екі-үш ай бұрынғыға қарағанда жақсырақ деген пікір білдірді.

Алайда Райан әр елде жағдай айтарлықтай әр түрлі екенін айтты: бірнеше мемлекете вирус жұқтырудың күрт төмендеуі байқалады, ал басқаларында жаңа жағдайлардың саны өсіп жатыр. Оның пікірінше, бұл коронавирустың жаңа штамдарының таралуы, эпидемияға қарсы шараларды жеңілдету мен адамдар арасындағы байланыстың артуы сияқты бірқатар факторға байланысты.

ДДСҰ Төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Мария ван Керкхове әлемде коронавирус инфекциясының таралу жағдайын "екіұшты" деп сипаттады. Оның айтуынша, инфекцияның жаңа жағдайларының төмендеуі Америкада тіркелді, бірақ басқа континенттерде жұқтырғандар саны артып барады.



#пандемия #ДДСҰ #эпиджағдай #әлем #коронавирус 

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
29.06.2021
17.11.2020
29.08.2020
23.07.2020
23.07.2020
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Наурыз 2026    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031