USD 495.2
EUR 522.34
RUB 4.94
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Үндістанда коронавирустың жаңа мутациясы анықталды

  • 21.сәуір.2021, 16:54,
  • 286

Үндістанның Батыс Бенгалия штатында коронавирус инфекциясының тағы бір жаңа штаммы анықталды. 

Бұл туралы Үндістанның геномика және интегративті биология институтының қызметкері Винод Скария айтты.


"B.1.618 - SARS-CoV-2 жаңа желісі Үндістанда табылған және генетика нұсқаларының жеке жиынтығымен сипатталады. Оның ішінде E484K, иммундық жауаптан жалтарудың негізгі нұсқасы", - делінген хабарламада.

Бұл ретте ғалымның айтуынша, өңірде коронавирустың таралуына дәл осы штамм себеп болды дегенге нақты дәлел жоқ.

Скарияның айтуынша, бұл мутацияның кейбір нұсқалары АҚШ, Швейцария, Сингапур және Финляндияда табылған.

Үндістанның басқа штаттарында да, Батыс Бенгалияда да инфекцияның күрт көбейгені байқалады. Соңғы тәулікте онда 10 мыңға жуық жаңа жағдай анықталған. Айта кетейік, соңғы айларда ел коронавирус жұқтырғандар саны бойынша рекорд орнатқан.



#Үндістан #мутация #штам #коронавирус #пандемия 

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
16.02.2021
07.12.2020
11.10.2020
17.08.2020
09.07.2020
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қараша 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930