USD 511.22
EUR 540.05
RUB 4.73
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Коронавирустың жаңа түрі Филиппинде анықталды

  • 17.августа.2020, 17:30,
  • 394

Филиппинде коронавирустың мутациялаған штаммы табылды. Ол инфекцияның бастапқы нұсқасына қарағанда тез жұғады деген болжам бар.

Филиппиндегі геномды зерттеу орталығындағылар Кесон-Сити қаласында коронавирус жұқтырғандар арасында G614 жаңа штаммы анықталғанын мәлімдеді.

Мутация маусым айында байқалған. Сол айда алғаш рет ол Малайзияда ауырғандардан табылған.

Сондай-ақ дәрігерлер G614 вирусын тасымалдаушылардың жұқтыру қаупі жоғары деген расталмай отырғанын айтты. Олар вирустың мутациясы клиникалық көрсеткішке әсер етпейтінін жеткізді.

"Мутация клиникалық көрсеткіштерге әсер етпейтін секілді", - дейді ғалымдар. 

Аурудың бұл түрінен қайтыс болғандардың саны артпаған, ал симптомдары кәдімгі вируспен бірдей.

Алайда ғалымдар штамды зерттеу арқылы коронавирус эпидемиясын жақсы түсінуге және оған қарсы шараларды қабылдауға көмектеседі.

Worldometer деректері бойынша, Филиппинде 164 мыңнан аса адам COVID-19 жұқтырған және 2 681 науқас қайтыс болған.



#коронавирус #филиппин #эпидемия #пандемия 

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
08.08.2020
19.07.2020
09.07.2020
03.07.2020
05.02.2020
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Желтоқсан 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031