USD 539.56
EUR 627.35
RUB 6.84
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Ыстамбұлда қазақстандық қыз күзетшінің саусағын тістеп алған

  • 16.июля.2021, 16:11,
  • 177

Ыстамбұлда қазақстандық қыз жанжал кезде күзетшінің саусағын тістеп алған. Бұл туралы Түркияның Milliyet басылымы мәлімдеді. 

Басылымда атап өткендей, Қазақстаннан үш қыз түнгі клубқа демалуға барған, бірақ ақырында барлығы полициядан бір-ақ шыққан.

Мекеме қызметкерлерінің айтуынша, қыздар өздерін дөрекі ұстап, шу шығарған. Сонымен қатар, олар клубтан шығуды сұраған талапты елемеген.


Күзетшілер оларды күштеп алып шықпақ болғанда қыздардың бірі түрік азаматының саусағын тістеп алған, делінген хабарламада.


Мекеме қызметкерлері полиция шақырды, қазақстандық қыздарды ақыры полиция әкеткен.

Ұсталғандардың айтуынша, оқиғаның мән-жайы мүлдем басқалай болған.


Ер адамдар қырындап, қыздардан телефон нөмірлерін сұраған. Одан бас тартқан кезде, ер адамдар қыздардың бірін соққыға жыққан. Осылайша төбелес басталған, сол кезде қыздың бірі күзетшінің саусағын тістеген.


Қазір тергеу істің мән-жайы шынымен де қалай болғанын анықтап жатыр.




#Түркия #күзетші #жанжал #дау #саусақ #тістеді

скачать dle 12.0
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қазан 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031