USD 495.2
EUR 522.34
RUB 4.94
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Ресейде Рунетке қатысты жаңа заң күшіне енді

  • 01.қараша.2019, 16:00,
  • 550

Ресейде интернеттің ресейлік сегментін ғаламтордың жаһандық инфрақұрылымынан ажыратқан жағдайда оның тұрақты жұмысын қамтамасыз ету жөніндегі заң күшіне енді.

Ресми тұлғалар мен сарапшылардың айтуынша, жаңа заңның ресейлік интернетті пайдаланушыларға ешқандай әсері болмайды, Рунет әлемдік Интернет кеңістігінің бір бөлігі болып қала бермек.


"Заңның күшіне енуінен ресейлік қолданушылар ешқандай өзгерісті байқамайды, байланыстың сапасы да нашарламайды", - деп мәлімдеді РФ Цифрлық даму, байланыс және бұқаралық коммуникациялар министрлігінің баспасөз хатшысы Евгений Новиков.


Заңға сәйкес, Рунеттің қалыпты жұмыс істеуіне қауіп төнген жағдайда Ресейдің Байланыс, ақпараттық технологиялар және бұқаралық коммуникациялар саласын қадағалау жөніндегі федералдық қызметі (Роскомнадзор) жалпы көпшілік пайдаланатын байланыс желісін өз бақылауына алады. Ал ондай қауіптің туғаны, бақылауды федералдық қызметке тапсыру туралы үкімет шешім қабылдайды.


Заңның қабылдануы жұртшылық арасында қызу талқыланды.


Қытайдың "Алтын қалқаны" сияқты жабық кеңістік құрылады деп уайымдағандар да болды. Федералдық қызметтің басшысы Александр Жаровтың мәлімдеуінше, Ресейде тек қана тыйым салынған нәрселер бұғатталады, тыйым салынған ақпараттарға ғана шектеу қойылады.



скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
08.08.2019
24.07.2019
24.07.2019
02.07.2019
23.05.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қараша 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930