USD 540.06
EUR 628.25
RUB 6.61
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Тоқаев COVID-19 індетіне қарсы әлемде ең бірінші тіркелген вакцинаға қатысты Путинді құттықтады

  • 12.августа.2020, 16:00,
  • 988

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинге COVID-19 індетіне қарсы әлемдегі ең бірінші вакцинаның тіркелуіне орай құттықтап, жеделхат жолдады. Бұл туралы АҚ орда сайтында жазылған.

"Бұл оқиға Ресей ғылымының жоғары әлеуеті мен беделін нақтылай түсті. Сондай-ақ Ресейдің осы жаһандық қауіп-қатерге қарсы күрестегі жетекші рөл атқаратынын көрсетті. Әлемде қалыптасқан осынау қиын-қыстау кезеңде Қазақстанға үнемі қолдау көрсетіп, оның ішінде, гуманитарлық көмек беріп және еліміздегі санитарлық-эпидемиологиялық ахуалдың жақсаруына үлкен үлес қосқан дәрігерлер жібергеніңіз үшін Сізге ризашылық білдіреміз", – деп жазды Қазақстан Президенті жеделхатта.


Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Ресейдің аталған бағыттағы тиімді ықпалдастығы туралы да айтты.


"Тамыз айының екінші жартысында Үкіметтік делегация ресейлік вакцинаны сатып алу мәселесін талқылау үшін Мәскеуге барады", – деп атап өтті Мемлекет басшысы.
#тоқаев #путин #екпе #вакцина #коронавирус 
скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
01.08.2020
23.07.2020
23.07.2020
25.09.2019
11.09.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қазан 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031