USD 524.58
EUR 551.91
RUB 4.93
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Қазақстан AstraZeneca вакцинасын алудан бас тартты

  • 04.июня.2021, 15:54,
  • 269

AstraZeneca вакцинасының өндірушілермен келіссөздер тоқтатылды. Оған осы вакцинаға қатысты жағымсыз жағдайлар негіз болды, деді "СК-Фармация" ЖШС басқарма төрағасы Ерхат Есқалиев. 

- Барлық вакциналар бойынша келіссөздер жүргізіліп жатыр, бірақ AstraZeneca-мен келіссөздер тоқтатылды, себебі вакцинаның айналасында негатив өте көп. Pfizer бойынша келіссөздер үнемі жүргізілуде, бірақ жеткізу кестесі жоқ және белгілі бір талаптары бар, - деді Есқалиев.


Қалған вакциналарға келсек, кейбірі бойынша келіссөздер сәтті аяқталды.


- Бұл жұмыстармен Денсаулық сақтау министрлігі айналысады, үкіметтік деңгейде де жұмыстар жүргізілуде, CoronaVac вакцинасы бойынша Қытайдағы Қазақстанның елшілігі көмектесті, - деп нақтылады ол.


Сонымен бірге, Johnson & Johnson және Moderna вакциналары бойынша келіссөздер жүргізілуде, бірақ әзірге нәтиже жоқ екен.


- Олар бойынша өндіріс көлемі жоқ және кестелерді ешкім растамай отыр, сол үшін әзірге еш нәтиже жоқ, - деп түсіндірді "СК-Фармация" басшысы.


Дистрибьютор Pfizer-ге қатысты келіссөздерге қатыспайды, сондықтан нақты ақпарат жоқ.



#AstraZeneca #вакцина #екпе #препарат #келіссөз

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
01.06.2021
29.04.2021
13.04.2021
07.04.2021
09.03.2021
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Желтоқсан 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031