Түркияның денсаулық сақтау министрі Фахреттин Коджа ел вакцинаны сатып алуға шешім жасағанын мәлімдеді, өйткені қазір түрік реттеушілері мақұлдаудың соңғы кезеңін жүргізіп жатыр: препаратты шұғыл қолдану үшін бекіту жоспарланып отыр.
Келісімге сәйкес, препаратты жеткізу мамырда басталады, Түркия алты ай ішінде 50 миллион доза вакцина алуы керек.
Қазір елде Sinovac және Pfizer-BioNTech вакциналары қолданылып жатыр. БАҚ мәліметінше, Түркияда вакцинаның 22 миллионға жуық дозасы келген. Тұрғындардың 16 пайызы кем дегенде бір дозаны, ал 10 пайызы екі доза салдырған.
Бұған дейін Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған тікелей эфирде қытайлық вакцинаны салдырған болатын, өйткені 2020 жылдың желтоқсанында Түркия ресейлік препаратты сатып алудан бас тартты. Қазір елде COVID-19-ға қарсы өз вакцинасын жасау аяқталып қалғаны хабарланды. Еске салайық, коронавирус жұқтырғандар санының өсуіне байланысты елде 29 сәуірден 17 мамырға дейін толық локдаун жарияланды.