USD 511.22
EUR 540.05
RUB 4.73
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Қытай вакциналарының тиімсіз екенін өздері растады

  • 13.сәуір.2021, 17:59,
  • 292

Қытайдың денсаулық сақтау саласындағы жоғары лауазымды тұлғалар коронавирусқа қарсы қытайлық вакцинаның тиімділігі төмен екенін мойындады. Үкімет екпенің тиімділігін арттыру жолдарын қарастырып жатыр. 

Ауруды бақылау жөніндегі орталықтың директоры Гао Фу 10 сәуір күнгі баспасөз жиынында "қазір қолда бар вакцинаның тиімділігі жоғары емес, үкімет осы мәселені шешу жағын қарастырып жатыр" деп мәлімдеді.

Иммунизацияға өзге өндіріс линиясынан әртүрлі вакцинаны қолдануымыз қажет пе, жоқ па, осы мәселені ресми түрде қарастырып жатырмыз, деді Гао.
Қытай шенеуніктері қытайлық вакцинаның коронавирустан қорғау көрсеткіші төмен екенін алғаш рет жария түрде мойындап отыр. Олардың айтқандары конференциядан кейін жергілікті БАҚ-та баяу тарады және ол мәселе жайлы әлеуметтік желідегі жазбаларға шектеу қойыла бастады.

Қытай вакцинаның миллиондаған дозасын тасымалдау жөнінде Мексика, Түркия, Индонезия, Венгрия, Сербия, Бразилия және Чилимен келісімге келген. Ресми мәлімет бойынша, Қытайда 35 млн адамға вакцинаның екі дозасы салынған. 65 млн адам кемінде біреуін алған.

Бразилиялық зерттеу Sinovac вакцинасының ауру белгілерін жою көрсеткіші бойынша тиімділігі 50,4 пайыз екенін көрсеткен. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы вакцинаны пайдалану үшін оның тиімділігі кемінде 50 пайыз болуы тиіс деп мәлімдеген. Батыс компаниялары әзірлеген Moderna және Pfizer-BioNTech вакцинасының тиімділігі 95 пайызды көрсеткен.



#вакцина #екпе #препарат #Қытай #коронавирус 

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
22.01.2021
27.09.2020
25.07.2020
13.07.2020
17.03.2020
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Желтоқсан 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031