USD 510.18
EUR 601.91
RUB 6.51
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Беларусьте Telegram-чат әкімшісі 2 жылға сотталды

  • 28.мамыр.2021, 17:12,
  • 270

Беларусьте Telegram-чат әкімшісі көлік қозғалысын бұғаттау туралы нұсқау бергені үшін екі жылға бас бостандығынан айырылып, күшейтілген режимдегі колонияға жіберілді, - деп хабарлайды БЕЛТА.

Ол қоғамдық тәртіпті өрескел бұзатын, билік өкілдерінің заңды талабына бағынбайтын және көлік пен кәсіпорындар жұмысына кедергі келтіретін әрекетті ұйымдастырды деп айыпталған.

"Сотта айыпталушының 2020 жылғы 31 тамыз бен 30 қазан аралығында "Минск. Перекрытие дорог. Чат" Telegram-чатында көлік қозғалысын бұғаттау туралы нұсқаулықтары бар жазба жариялағаны анықталды. Ол заңсыз әрекет ұйымдастыру үшін адамдарды тартумен айналысып, оларды тікелей басқарды", - деді агенттік өкілі.

Ақпанда Беларусьте ұсталған бірнеше Telegram-арналарының әкімшісі "деструктивті" ақпарат жариялағаны үшін өкінетінін айтып үндеу жасады. Ол "Хата Белсата", "Денисовская 6", "Серый кот"-арналарының әкімшісі болғанын, онда "билікке қарсы деструктивті ақпарат" жариялағанын айтты.

2020 жылы Беларусьте бірнеше ай бойы президент Александр Лукашенконың отставкаға кетуін және жаңа сайлау өткізуді талап ететін жаппай наразылықтар өткен болатын.



#Беларусь #Telegram #сот #жаза #үкім #Лукашенко 

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
16.11.2020
14.09.2020
22.08.2020
18.08.2020
12.08.2020
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Желтоқсан 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031