USD 441.66
EUR 475.14
RUB 4.86
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Германия Ресейді Ryanair ұшағын қондыруға қатысы бар деп айыптады

  • 26.мамыр.2021, 13:27,
  • 208

Ryanair ұшағының Минскіге мәжбүрлі түрде қонуына және бортта болған Роман Протасевич пен оның қызы София Сапеганы ұстауға Ресейдің қатысы болуы мүмкін. Бұл пікірді Бундестаг сыртқы істер комитетінің төрағасы, Германиядағы билеуші Христиан-демократиялық одақ(ХДО) өкілі Норберт Реттген (Norbert Röttgen) айтты, - деп хабарлайды DW.

"Кем дегенде ұшақты мәжбүрлі түрде қондыру Кремльде мақұлданғанын немесе Ресейден қолдау алғанын ескеру керек", - деді саясаткер.

Реттгеннің айтуынша, Ресей президенті Владимир Путиннің қолдауынсыз Беларусь билеушісі Александр Лукашенко биліктен әлдеқашан айрылған болар еді.

Норберт Реттген Лукашенко режиміне қарсы айыппұл шараларын күшейту керек деген пікір білдірді.

"Лукашенко режимінің барлық тірегіне қатаң санкциялар салатын кез келді: әскер, полиция, әкімшілік, арнайы қызметтер және осы режимді экономика тұрғысынан қамтамасыз ететін барлық мемлекеттік кәсіпорын", - деді неміс саясаткері.

Сонымен қатар, ол Беларусьтегі электр станциясына Siemens жабдықтарын жеткізуге Германия мемлекеттік KFW банк берген несиені тоқтатуды ұсынды.

Минскіде Ryanair лайнерін мәжбүрлеп қондыру операциясына Ресейдің қатысы болуы мүмкін деген пікірге Еуропалық Парламенттегі консервативті Еуропалық халық партиясы (EVP) фракциясының басшысы Манфред Вебер (Manfred Weber) де келіседі.

"Бұл оқиға Мәскеу басшылғы Еуропамен тату көрші қарым-қатынасты қаламайтынын және мақсатты түрде қақтығыс бастағанын көрсетеді", - деді ол Augsburger Allgemeine басылымына.

Кремль бұл жағдайға қандай да бір қатысы барын жоққа шығарды.

Александр Лукашенко 26 мамырда оқиғаға қатысты ресми мәлімдеме жасайды деп күтіледі.

Еске салайық, 23 мамырда күндіз Ryanair әуе компаниясының Афинадан Вильнюске ұшып бара жатқан ұшағы Минскіде шұғыл қонған. "Ұшақ бомба қойылды деген хабардан кейін қондырылды", - делінген әуежай хабарламасында. Кейін бұл ақпарат расталмады. 




#Германия #Ресей #Украина #Лукашенко #ұшақ 

скачать dle 12.0
Фото авторы : © Reuters
Тағы да оқыңыздар:
25.11.2020
16.11.2020
18.08.2020
04.08.2020
09.07.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Мамыр 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031