USD 446.49
EUR 475.38
RUB 4.79
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента
---

БЖЗҚ зейнетақы активтері бойынша инвестициялық қызметке 2019 жылғы шілдедегі қысқаша шолу

  • 20.августа.2019, 08:20,
  • 233

Жалпы портфель. БЖЗҚ зейнетақы активтерін инвестициялау стратегиясына сәйкес инвестициялық портфельді сақталуы мен кірістілігін қамтамасыз етуге бағытталған әртараптандыру мақсатында зейнетақы активтері валюталар, елдер, секторлар және эмитенттер бойынша әртүрлі қаржы құралдарына инвестицияланды.
Қарастырылып отырған кезеңде 1 жыл мерзімге, кірістілігі жылдық 8,0%-бен, көлемі 350,0 млрд. теңге USDKZT валюталық своп мәмілесі жасалды. Осы мәміле шеңберінде БЖЗҚ-ның зейнетақы активтерінің портфеліне 912,2 млн. АҚШ доллары сатып алынды, олар өз кезегінде, ақша нарығының құралдарына инвестицияланды. Осылайша, валюталық своп мәмілесінен болған кірістілік шамасы жылдық 10,0%-ды құрайды.
Теңгемен бос ақша қаражаты ақша нарығының қысқа мерзімді құралдарына да орналастырылған. Бұл ретте осы инвестициялар инвестициялаудың стратегиялық мақсаты болып табылмайды және зейнетақы активтерінің кірістілігін қолдау үшін ағымдағы өтімділікті басқару шеңберінде жүзеге асырылады.
«AsiaCredit Bank (АзияКредит Банк)» АҚ облигацияларының бір бөлігі 4,1 млрд теңге сомаға сатылды.
Қарастырылып отырған кезеңде бағалы қағаздардың эмиссиясы проспектілерінде белгіленген мерзімдерге сәйкес 3,3 млрд. теңге және 14,8 млрд. теңге сомаға тиісінше «Kaspi Bank» АҚ-тың облигациялары және ҚР Қаржы министрлігінің облигациялары бойынша негізгі борышты өтеу жүргізілді. Сондай-ақ банктік салым шарттарында белгіленген талаптарға сәйкес ҚР ЕДБ депозиттері бойынша негізгі борыш жалпы сомасы 1,16 млрд теңгеге мерзімінен бұрын ішінара өтелді. Шетел валютасымен номинирленген зейнетақы активтерінің портфелі. БЖЗҚ-ның шетел валютасында номинирленген зейнетақы активтері БЖЗҚ-ның Инвестициялық декларациясында белгіленген валюталық активтердің жалпы құрылымына және инвестициялау стратегиясына сәйкес инвестицияланады.
Шетел валютасындағы инвестициялар. 2019 жылғы шілдеде шетел валютасында номинирленген зейнетақы активтерін инвестициялау көлемі 283,3 млрд теңге болды. Аталған көлемге жылдық 2,0% орташа алынған кірістілікпен АҚШ Үкіметінің МБҚ сатып алынды.
Қарастырылып отырған кезеңде шетел валютасымен бос ақша қаражаты «А-»- тен төмен емес рейтингтік бағасы бар шетел банктерінің қысқа мерзімді депозиттеріне орналастырылды. Бұл ретте осы инвестициялар инвестициялаудың стратегиялық мақсаты болып табылмайды және зейнетақы активтерінің кірістілігін қолдау үшін ағымдағы өтімділікті басқару шеңберінде жүзеге асырылады.
Шетел валютасымен өтеу және сату.
2019 жылғы шілдеде бағалы қағаздардың эмиссиясы проспектілерінде белгіленген мерзімдерге сәйкес 237,9 млрд. теңге сомаға АҚШ Үкіметінің МБҚ бойынша негізгі борышты өтеу жүргізілді, сондай-ақ 348,9 млрд. теңге жалпы сомаға АҚШ Үкіметінің МБҚ сатылды. Инвестициялық қызметтің нәтижелері. 2019 жылдың басынан бастап есептелген инвестициялық кірістің мөлшері 396,3 млрд. теңгені құрады. 2019 жылдың басынан бастап зейнетақы активтерінің салымшылардың (алушылардың) шоттарына бөлінген кірістілігі 3,77% болды.
Бұл ретте 2019 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша БЖЗҚ салымшылары (алушылары) үшін соңғы 12 айдағы (2018 жылғы тамыз – 2019 жылғы шілде аралығы) зейнетақы активтерінің кірістілігі 5,4% мөлшердегі инфляция кезінде 9,65%-ды құрады. Осылайша, соңғы 12 айда БЖЗҚ-ның зейнетақы активтері бойынша нақты кірістілік 4,25%-ды құрады.

Қайнар көзі: www.nationalbank.kz

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
11.08.2019
11.07.2019
05.08.2019
26.07.2019
10.07.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Сәуір 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930