Pfizer-мен арада 4 миллион доза вакцина бойынша келісімге қол қойылды, ал жыл соңына дейін Қазақстанға коронавирусқа қарсы үш түрлі вакцинаның әрқайсысы бойынша 1 миллионға жуық дозасы жеткізілетін болады. Бұл туралы Жұқпалы аурулар мамандарының ІІ конгресінде ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрайымы Айжан Есмағамбетова мәлім етті.