USD 444.32
EUR 473.33
RUB 4.76
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Өзбекстан Ресейден 1 млн га жерді жалға алмақшы

  • 07.қазан.2021, 16:15,
  • 155

Өзбекстанның ауыл шаруашылығы министрлігі Ресейде 1 млн гектар жерге соя мен астық егуді көздеп отыр. Тараптар жобаны 35 000 гектар жерде бастап көруге келісті.

Бұл туралы Өзбекстанның ауыл шаруашылығы министрі Жамшид Хожаев пен Ресейдің ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілдері хабарлады.

Өзбек жағының хабарлауынша, Ресейдің ауыл шаруашығылы министрлігі өзбек-орыс жобасына қызығушылық танытқан.


Ресейдің ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары Сергей Левиннің хабарлауынша, қазір Ресейде шамамен 8-13 миллион гектар жер бар, ал Федерациядағы 23 субъект өзбек-орыс жобасын қолдауға ниет білдіріп отыр.


Өзбек министрінің айтуынша, 35 мың га жерден алынған өнім Өзбекстанға экспортталады.


Ресейдегі шаруаларға жұмыс күші жетпей жатыр. Ауыл шаруашылығы министрлігінің хабарлауынша, бір ғана Астрахан облысына 11 мың еңбек мигранты керек. Жергілікті жұмысшылар айлықты өсірсе де алқапқа шықпаған. Соның салдарынан Ресейдің барлық аймағында ауыл шаруашылығы өнімдері күрт қымбаттап кетті.

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
25.05.2021
17.03.2021
27.01.2021
01.02.2020
12.08.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Сәуір 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930