USD 539.56
EUR 627.35
RUB 6.84
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Мемлекет басшы төтенше жағдайларды азайтуды талап етті

  • 07.қазан.2021, 18:04,
  • 174

Мемлекет басшысы Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильинді қабылдады.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Төтенше жағдайлар министрлігінің 2020-2021 жылдары атқарған жұмыстарының нәтижелері туралы баяндалды.


"Осы уақыт аралығында елімізде 9 мыңнан астам табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай тіркелді. ТЖМ бөлімшелері 65 мыңнан астам шақыртуға барды. 9,5 мың адам құтқарылды, 10 мың адам эвакуацияланды, 3 мыңнан астам адамға алғашқы медициналық көмек көрсетілді", - делінген Ақорда хабарламасында.


Юрий Ильиннің айтуынша, министрлік табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу мәселелеріне көп көңіл бөліп келеді. Министрлік елді-мекендерді, нысандарды және жекелеген тұрғындарды сел мен су тасқынынан алдын ала қорғау мақсатында Алматы қаласы мен Алматы облысының Аюсай, Ақсай және Қорғас өзендеріндегі тоспалар мен бөгеттердің құрылыстарын қаржыландырады.


Кездесу қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы министрлікке төтенше жағдайлардың санын азайту, қысқы мерзімге дайындық жұмыстарын жүргізу, қар құрсауын болдырмау, сондай-ақ көктемгі су тасқынының алдын алу жөнінде бірқатар нақты міндет жүктеді.

скачать dle 12.0
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қазан 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031