USD 448.89
EUR 477.93
RUB 4.76
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Тәліптер Тәжікстанды жаулап алуға дайын

  • 07.қазан.2021, 17:22,
  • 89

Тәжікстандағы "Талибан" ұйымының бөлімі Тәжікстанға басып кіруге дайын отыр. Бұл туралы бірқатар БАҚ содырлардың ресурстарына сілтеме жасай отырып, ақпарат таратты.

"Тәжікстандағы "Джамаат Ансаруллаһ" тобының басшысы Махди Арсалан Тәжікстанға басып кіруге дайын екендерін мәлімдеді. Махдидің өзі Ауғанстанның Дарвоз аймағымен және Тәжікстанның Шамсиддин Шохин аймағымен шектесетін бірқатар аумақтарының басшысы ретінде өзін танытады", - делінген хабарламада.


Бұған дейін елдің солтүстік -шығысындағы Бадашхан провинциясы губернаторының орынбасары - молда Нисар Ахмад Ахмади тәліптерден тұратын Ауғанстандағы жаңа билік жанкешті лаңкестерден арнайы батальон құрғанын, оларды мемлекеттік шекараға орналастыруға ниетті екенін айтқан, деп жазады gazeta.ru.


Арнайы батальон "Лашкар -и -Мансури" - "Мансұр әскері" деп аталды (бұл арада содырлардың далалық командирі, 2016 жылы қаза тапқан Ахтар Мансұр қозғалысының жетекшілерінің бірі туралы сөз болып отыр - ред.). Ол шекаралас аудандарда, атап айтқанда Бадашхан провинциясында орналасады. Тәжікстанмен шекаралас бұл аумақ ең ұзыны болып табылады, ал шығысында ҚХР және Пәкістанмен шектеседі.


Айта кетсек, Тәжікстан мен Ауғанстан арасындағы қарым-қатынас қыркүйек айының соңында күрт нашарлады.


Мәселе Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонның БҰҰ Бас Ассамблеясының кезекті сессиясында сөйлеген сөзінен басталды, ол кезде Рахмон тәліптерді сайлау өткізіп, Ауғанстанда тұратын барлық этникалық топтар мен ұлттардың,түрлі саяси қозғалыстар мен көзқарастардың өкілдері негізінде инклюзивті үкімет құруға шақырды.


Талибан - Қазақстанда, Ресейде және басқа да бірқатар елдерде тыйым салынған ұйым.

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
27.09.2021
22.09.2021
01.09.2021
13.08.2021
09.07.2021
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Сәуір 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930