ҚР Премьер-министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Қазақстанның 2022-2026 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы, "2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы", "Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2022-2024 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы" заң жобалары, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2022-2024 жылдарға арналған нысаналы трансферт бөлу туралы" ҚР Президенті Жарлығының жобасы қаралды.