"Ұлттық банктің бағалауы бойынша, сыртқы инфляциялық фонның ұлғаюын, ұсыныс жағынан ішкі теңгерімсіздіктің сақталуын, сондай-ақ жүргізіліп жатқан фискалдық ынталандыру шараларын ескере отырып, инфляция деңгейі 2021 жылдың соңына қарай 6-7%шегінде болады деп күтіледі. Инфляцияны бағалау биылғы жылдың қыркүйек айындағы келесі болжам кезеңінің нәтижелері бойынша қайта қаралып, нақтыланады", - деп түсіндірді Досаев.
Оның айтуынша, Президенттің шілде айындағы тапсырмасына сәйкес, үкіметпен бірлесе, инфляцияға қарсы шаралар кешенін енгізу бойынша белсенді жұмыс жүргізіліп жатыр.
"Жоғарыда аталған шараларды сәтті жүзеге асуы 2022-2026 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамына сәйкес, инфляция деңгейін 2022 жылы - 4-6%, 2023-2024 жылдары - 4-5%, 2025-2026 жылдары - 3-4% дейін төмендетудің алғышарты болып табылады. Бұл көрсеткіштер ақша-несие саясатының 2030 жылға дейінгі стратегиясына сай келеді", - деп атап өтті Ұлттық банк басшысы.