Ол үшін белгілі бір сілтемелерді басу қажеттігі айтылады.
ҚР Еңбек министрлігі бұл ақпаратты жоққа шығарды және азаматтарға мұндай хабарламаларды киберқылмыскерлер жеке шоттар мен банк шоттарына ену үшін пайдалана алатынын ескертті.
"Алаяқтықтың құрбаны болмас үшін күмәнді сілтемелерге кірмеңіздер немесе жеке деректеріңізді ол арада қалдырып жүрмеңіздер. Біз азаматтардан жалған ақпаратқа назар аудармауды және ақпаратты тек ресми дереккөздерден пайдалануды сұраймыз", - дейді Қазақстан Республикасы Еңбек министрлігінің баспасөз қызметі.
Жалған ақпарат таратқан үшін заңда жаза барын еске саламыз.