Қазіргі уақытта елордада КВИ вакцинасының бірінші компонентін 348 мыңнан астам адам алды, ал 261 мыңнан астам азамат толық иммундаудан өтті. Пандемиямен күресте вакцинацияның маңыздылығын елорданың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова онлайн-брифингте айтып өтті.