Душанбе қаласында Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер қорғаныс министрлерінің кеңесі болып өтті. Іс-шараға қорғаныс ведомстволарының басшылары: Үндістаннан – Раджнатх Сингх, Қазақстаннан – генерал-лейтенант Нұрлан Ермекбаев, Қытайдан – генерал-полковник Вэй Фэнхэ, Қырғызстаннан – генерал-майор Таалайбек Омуралиев, Пәкістаннан – Первез Хаттак, Ресейден – армия генералы Сергей Шойгу, Тәжікстаннан – генерал-полковник Шерали Мирзо және Өзбекстаннан – генерал-лейтенант Баходир Курбанов қатысты.