USD 444.22
EUR 476.38
RUB 4.82
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

5 млн аса қазақстандық вакцинаның бірінші дозасын қабылдады

  • 28.июля.2021, 19:22,
  • 136

КВИ-ге қарсы вакцинаның бірінші дозасы әрбір екінші ересек қазақстандыққа егілді. Бүгінгі күні вакцинаның 8,6 млн дозасы пайдаланылды, оның ішінде бірінші компонент ойынша 5 230 750 адам егілді, бұл тиісті халықтың 52,8%-ын құрайды. Екінші компонентпен 3 436 617 адам қамтылды. Егу пункттерінде шамамен 713 мың бірінші компонент және 1 млн 300 мың екінші компонент бар. 

Науқастардың 99,9%-ы вакцинацияланбаған, бұл иммундаудың қауіпсіздігі мен тиімділігін растайды. Бүгінгі күні вакцинация – бұл корновирустық инфекциядан болатын ауыр ағым мен өлімді болдырмаудың жалғыз тиімді әдісі. Сондықтан әрбір қазақстандықтан вакцинациялау туралы саналы шешім қабылдауды, өзін, өзінің жақындарын қорғауды және елімізде ұжымдық иммунитетті қалыптастыруға өз үлесін қосуды сұраймын. Коронавирустың тұрақты түрде болатын мутациясы кезінде ұл қорғанудың жалғыз әдісі.


Цойдың сөзінше, соңғы екі аптада алдыңғы екі аптамен салыстырғанда жалпы республика бойынша барлық өңірлерде сырқаттанушылықтың өсуі байқалады. Сырқаттанушылықтың өсуі 1,9 есені құрап отыр. Маусым айымен салыстырғанда орташа тәуліктік сырқаттанушылық 5,2 есе өсті, елде инфекциялық және реанимациялық төсек-орынмен қамту 3 есе үдемелі түрде өскені байқалады.


"Қазіргі уақытта денсаулық сақтау жүйесі өткен жылмен салыстырғанда екі есе жүктемемен жұмыс істейді. Өткен жылы сырқаттанушылық тәулігіне 2 мың адамға дейінгіні құраған болса, ғымдағы жылдың шілде айында сырқаттанушылықтың өсуі 3 еседен астамды құрады. Емделіп жатқан пациенттердің саны да 2 есеге артты", - деді ол.


Бүгінгі күні еліміз бойынша 90 мыңға жуық адам науқас, оның 25 мыңға жуығы стационарларда, 65 мыңға жуығы амбулаториялық ем алуда.

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
28.07.2021
15.06.2021
27.11.2020
11.11.2020
08.11.2020
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Сәуір 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930