USD 495.2
EUR 522.34
RUB 4.94
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Жаңа оқу жылы дәстүрлі форматта болады ма?

  • 28.июля.2021, 16:21,
  • 237

ҚР Білім және ғылым министрлігі мектеп оқушыларын білім берудің дәстүрлі форматына көшіруге дайын, бірақ шешімді коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК қабылдайды. 

"Бұл елдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты. Оқушыларды дәстүрлі немесе аралас оқыту форматына ауыстыру туралы шешімді ведомствоаралық комиссия, сондай-ақ бас санитарлық дәрігер қабылдайды. Егер эпидемиологиялық жағдай жақсарса, министрлік дәстүрлі оқыту форматына көшуге дайын. Шешім әлі қабылданған жоқ, сондықтан біз әлі айта алмаймыз", - деді БҒМ-нің Мектепке дейінгі және орта білім комитеті төрағасының орынбасары Жомарт Қарамбаев.


Студенттер жаңа оқу жылында ЖОО мен колледждерге бара алатынын айта кеткен жөн. 1 қыркүйектен бастап олар үшін Ashyq жүйесін енгізу жоспарланған.


Бұған дейін, 10 шілдеде Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент пандемия мектеп оқушыларының білім сапасына кері әсер еткенін айтқан болатын.


Ол Үкіметке жаңа оқу жылында оқушылар мен студенттердің дәстүрлі білім беру форматына оралуын қамтамасыз етуді тапсырған еді.

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
22.07.2021
23.06.2021
20.12.2020
14.07.2020
11.07.2020
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қараша 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930