Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы руханият әлемінің көкжиегін кеңейтіп, мәдени мұралардың маңыздылығын айқындай түсті. Әрі «Туған жер» бағдарламасы аясында бірқатар жобаларды жүзеге асыру керектігін мәлімдеген болатын. Яғни, оның қатарында «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» бар. Бұл тізімге Сыр өңірінен Сығанақ шаһараның енгені белгілі.