Жарлықта айтылғандай, Қазақстанның барлық 17 облысында, сонымен қатар Қаскелең, Семей, Жезқазған және Екібастұз сынды қалаларында жаңа әкімшілік соттар құрылды.
Мамандандырыған ауданаралық әкімшілік соттары (МАӘС) судьяларының саны - 179. Олар республикамыздағы барлық соттардағы судьялар штатының қайта бөлінуіне байланысты құрылды.
Жоғарғы Сотта және облыстық соттарда әкімшілік істер бойынша да қазылар алқасы құрылады.
Әкімшілік іс жүргізу кодексіне (ӘІЖК) және Азаматтық процестік кодекске (АПК) сәйкес инвесторларға қатысты даулар бойынша юрисдикция белгіленді.
Осылайша, қоғамдық-құқықтық қатынастардан туындайтын инвесторларға қатысты дауларды елорданың әкімшілік соты қарайтын болады.
Жарлыққа сәйкес, Нұр-Сұлтан қаласы сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасын Дамира Әбдіғалиева басқарады.
Бақытбек Бекәлиев Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының төрағасы болды. Шымкент қалалық МАӘС-ті Бек Ахметов басқарады.
Бұрын хабарланғандай, азаматтардың құқықтарын қорғауды күшейту үшін жаңа әкімшілік соттар құрылуда. Олардың құрылуы Әкімшілік іс жүргізу кодексінің күшіне енуіне байланысты. Кодекс азаматтардың құқықтарын қорғауды олардың билік органымен арадағы дауларын қарау кезінде оны сапалы жаңа деңгейге шығаруға бағытталған.
#сот #әкімшілік #АПК #жарлық