USD 523.86
EUR 544.34
RUB 5.11
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Қазақстандықтар шотына қателесіп түскен әлеуметтік төлемдерді өзіне қалдыра алады

  • 01.июля.2021, 16:06,
  • 1 765

Қазақстандықтар мемлекет қателесіп, аударған әлеуметтік төлемдерді жаңа Әкімшілік іс жүргізу және процедуралық кодексі бойынша қайтармай-ақ қоюына болады, деп мәлімдеді Әділет вице-министрі Наталья Пан. 

Оның айтуынша, кез келген азамат қабылданған шешімнің заңды, дәйекті әрі күшін жоймайтынына сенімді болуы керек және егер ол азаматтың оған еш қатысы әрі кінәсі болмаса.


Азаматқа атаулы әлеуметтік көмек төленді делік. Кейін тексеру кезінде уәкілетті орган кінәсінен қате шешім қабылданғаны анықталады. Сенім құқығын қорғау қағидасын ескере отырып, уәкілетті орган адал азаматтан жұмсалған қаражаттың орнын толтыруды талап ете алмайды, өйткені бұл оның кінәсі емес, - деді Әділет вице-министрі.


Сонымен қатар, Кодексте даулардың жекелеген санаттарын қоспағанда, сотқа дейінгі міндетті апелляциялық шағым түсіру мүмкіндігі енгізілген.


Бұл уақытты үнемдеуге және сот төлемдерін болдырмауға мүмкіндік береді. Сотқа дейінгі апелляциялық шағымның қосымша артықшылығы - бұл шешімді тек заңдылықпен емес, сонымен қатар мақсатқа сай екендігімен тексеру мүмкіндігі, бұл жеке тұлғалардың мүдделері үшін үлкен құқықтық қорғауды қамтамасыз етеді, - деп түсіндірді Наталья Пан.



#төлем #есеп-шот #қаражат #ақша #көмек 

скачать dle 12.0
Фото авторы : halqym.kz
Тағы да оқыңыздар:
10.01.2021
24.11.2020
14.12.2019
28.10.2019
07.10.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Желтоқсан 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031