USD 490.58
EUR 584.77
RUB 6.34
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

ШҚО-да 8 жастағы бала мен анасы суға батып кетті

  • 01.июля.2021, 11:52,
  • 245

Шығыс Қазақстан облысында сегіз жастағы қыз ойнап жүріп суға құлап, батып кетті. Оны құтқаруға тырысқан анасы суға түскен, бірақ ол да ағынға қарсы тұра алмаған, - деп хабарлайды Устинка LIVE.

Қайғылы оқиға Алтай ауданы Зубовск ауылындағы Бұқтырма өзенінде болған.

"Ойынап жүрген сегіз жастағы қыз суға құлап, батып кетті. Куәгерлердің айтуынша, анасы қызын құтқаруға тырысқан, бірақ ол да жүзе алмаған. Әйел 1994 жылғы", - деді ШҚО ТЖД баспасөз қызметі өкілі.

Құтқарушылардың айтуынша, әйелдің денесі бала суға батқан жерден 10 шақырымнан аса жерден табылған. 

ШҚО ТЖД мәліметі бойынша, суға шомылу маусымы басталғаннан бері облыста сегіз адам суға батып кеткен, олардың екеуі - бала.



#қайғы #суғабатты #өлім #отбасы #ТЖД #ШҚО 

скачать dle 12.0
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Ақпан 2026    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728