Ресейлік "Спутник V" вакцинасы коронавирустың үндістандық мутациясына қарсы тиімді. Бұл туралы Ресей Денсаулық сақтау министрлігінің Гамалея атындағы эпидемиология және микробиология ғылыми орталығының директоры Александр Гинцбург мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости порталы.