USD 511.22
EUR 540.05
RUB 4.73
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы өкілетін Тоқаевқа тапсырды

  • 28.сәуір.2021, 17:15,
  • 317

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының басшысы қызметінен кетеді. Ол өз өкілетін Қасым-Жомарт Тоқаевқа тапсырды. 

Бұл туралы ол Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIX сессиясында айтты. 

"2019 жылы 19 наурызда 30 жылдық қызметімнен кейін президент өкілеттігін тоқтаттым. Осы жеткілікті, басшылықта өзгеріс, жаңа адамдар мен жаңа міндеттер болуы керек деп санадым. Билік сабақтастығы мәселесі 2019 жылы конституциялық жолмен шешілді. Бұл қадамның дұрыстығын өмір растады. Мен осы жылдар бойы менімен бірге жұмыс істеген, өзім жақсы білетін адамды таңдадым. (...) Бүгін бұл таңдау дұрыс болғаны ақталып отыр.

Қазір мен осымен тоқтамай бұдан әрі жылжығым келеді. Бұл да мен үшін маңызды қадам, өйткені 1995 жылдан бастап мен Қазақстан халқы Ассамблеясының бастауында болдым, жұмысты басқардым, біз сіздермен бірге күрделі жолдан өттік", - деді Назарбаев Ассамблея сессиясында.

Нұрсұлтан Назарбаев ҚХА мүшелеріне оның бағытын қолдағаны үшін алғыс айтты.

"Бұл мен үшін, жігерлі жұмыс пен сенімділік, барлығы үшін маңызды болды. "Тұңғыш Президент туралы" Конституциялық заңға және Ассамблея туралы заңға сәйкес менде өмір бойы ҚХА-ны басқару құқығы бар, мен сіздербен әрқашан бірге боламын, бас тартпаймын, бұл ретте бірқатар өкілеттік ел Президентіне бекітіледі (...)

Қазақстан халқы Ассамблеясы қазіргі президент жанында тірек ретінде тұруға тиіс. Екінші жағынан, мемлекет басшысы да ассамблеяға сүйенеді. Барлық сұрақ бір қолда болуы тиіс. Мен ҚХА-ны басқару құқығымды Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа беруді ұйғардым. (...) Бүгінгі шешім Ассамблея қызметінің мүдделеріне қызмет ететініне және Президентімізге еліміздің, қоғамымыздың, мемлекетіміздің болашағына арналған барлық жұмыс пен жоспарды біріздендіруге көмектесетініне сенімдімін. Қасым-Жомарт Кемелұлы, ҚХА-ның сізге көрсеткен сенімімен құттықтаймын, сізге табыс тілеймін", - деді еліміздің Тұңғыш Президенті.

Бұған дейін Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, Президент Әкімшілігі ҚХА хатшылығының меңгерушісі болып Марат Әзілханов тағайындалған болатын. 

Айта кетейік, Қазақстан халқы Ассамблеясы конституциялық мәртебеге ие, ол Парламент Мәжілісіне тоғыз депутат сайлауға құқылы. 



#Назарбаев #Тоқаев #өкілет #ҚХА 

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
11.01.2021
11.01.2021
18.08.2020
18.08.2020
31.05.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Желтоқсан 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031