Адам өлімімен аяқталған жол апатынан кейін мемлекеттік қызметке оралған, Сауда министрлігі департаментінде басшылық қызметке тағайындалған Өскеменнің экс-әкімі Қуат Тұмабаев Nur Otan партиясынан шығарылған. Бұл туралы партияның бақылау комитетінің төрағасы Артур Платонов мәлімдеді.