USD 519.61
EUR 610.13
RUB 6.54
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Қордайдағы жаппай тәртіпсіздік: тағы 50 адам сотталды

  • 27.сәуір.2021, 13:12,
  • 277

Жамбыл облысында сот Қордай ауданындағы жаппай тәртіпсіздікке қатысушылардың ісі бойынша шешім шығарды. 

Сот мәліметінше, жалпы 51 адамға айып тағылды, олардың біреуі кінәсіз екенін дәлелдеп, ақталып шықты. Оларға "жаппай тәртіпсіздікке шақыру", "бопсалау", "қарақшылық", "адам өлтіру", "құқық қорғау органдарының қызметкерлерінің өміріне қол сұғушылық" және "қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды және жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау, алып жүру" бойынша іс қозғалды.

Еске салайық, 7 ақпанда Жамбыл облысы Қордай ауданы Масанчи ауылында тұрғындар арасында жаппай төбелес болды.

Жаппай төбелеске 300-ге жуық адам қатысқан. Ауқатты ауылы және Бұлан Батыр ауылдарында жанжал шықты. Бұзақылар металл заттарын, атыс қаруын қолданған. 

Медициналық мекемелерге 137 адам көмек сұрап келді. Екі полицей зардап шеккен. 30-ға жуық үй, 15 сауда орталығы қираған, 23 көлік өртенген.



#Қордай #тәртіпсіздік #сот #үкім #жаза #айып 

скачать dle 12.0
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Желтоқсан 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031